4 ақпанда Украинаның шығысындағы Донецк қаласының Текстильщик шағын ауданындағы 27-қалалық аурухана снаряд шабуылына ұшырап, одан кемінде үш адам мерт болғаны хабарланды. Бұл оқиғадан жарақат алғандар да бар.
Донецк әкімшілігі "зардап шеккендер - аурухана сыртында жүрген адамдар" деп мәлімдеді. Әкімшілік қаза тапқандар көп болуы мүмкін екенін айтады.
Снаряд электр энергиясымен жабдықтау құрылғысына да зақым келтірген. Снаряд түскен шағын аудан толық жарықсыз қалған.
2015 жылдың қаңтарынан бері Донбасс аймағында өзін-өзі "Донецк халық республикасы" деп жариялаған құрылым сепаратистері мен Украина әскері атысып жатыр.