Теннистен Федерация кубогының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы бірінші тобында ойнап жатқан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы матчта Қытайды жеңді.
4 ақпанда өткен кездесуде Зарина Дияс Чжан Шуайды 7:5, 6:0 есебімен, Ярослава Шведова Пэн Шуайды 4:6. 6:4. 6:3 есебімен жеңді.
Ал Кәмила Керібаева/Юлия Путинцева жұбы қытайлық Пэн Шуай/Чжен Сайсай жұбынан 1:6. 5:7 есебімен жеңілді.
Алғашқы екі жекелей матчта жеңіске жеткен Қазақстан қорытындысында Қытайды 2:1 есебімен ұтты.
Қазақстан А тобындағы келесі кездесуін Тайвань (5 ақпан) және Таиландпен (6 ақпан) өткізеді.
Ал В тобында Жапония, Өзбекстан, Гонконг, Оңтүстік Корея теннисшілері кездеседі. Әр топтың бірінші орын алған құрамалары финалға шығып, жеңіске жеткені екінші әлемдік топтың плей-офф кезеңіне жолдама алады.
2014 жылы Федерация кубогын Германияны 3:1 есебімен ұтқан Чехия құрамасы иеленген.