НАТО-ға мүше елдер қорғаныс министрлері бүгін Брюссельдегі жиынында Ресей тарапынан төнетін әскери қауіп-қатерге қарсы тұру әлеуетін әлі де күшейту шараларын талқылайды.
НАТО өкілдерінің хабарлауынша, кездесуде ең алдымен Балтық теңізі бойындағы үш ел - Латвия, Литва, Эстония мен Польша, Румыния және Болгарияда жаңа жедел әрекет ету күштерін жасақтау, шағын қолбасшылық орталықтар құру жайы талқыға салынады.