Accessibility links

Әмен Қайдаров қайтыс болды


Қазақстандағы тұңғыш мультипликатор, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деп аталатын мультфильмнің авторы, режиссер Әмен Қайдаров 92 жасқа қараған шағында көз жұмды деп хабарлайды бүгін ҚазАқпарат.

Кинорежиссер, суретші Әмен Қайдаров 1923 жылы Қарағанды өңірінде дүниеге келген. 1951 жылы Алматы суретшілер училищесін бітірген.

Әмен Қайдаров - Қазақстандағы мультипликациялық жанр іргесін қалаушылардың бірі. 1967 жылы Қайдаровтың салған суреті бойынша халық ертегісі негізінде тұңғыш түрлі-түсті "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" атты мультипликациялық фильм жасалды. Бұған қоса ол "Құйыршық", "Жанар", "Күн сәулесінен пайда болған көжек" атты мультипликациялық фильмдерді жасаған. 1980 жылы Қайдаровқа "Ақсақ құлан", "Қожанасыр - құрылысшы", "Қырық өтірік" сияқты мультипликациялық фильмдер топтамасы үшін ҚазССР-інің мемлекеттік сыйлығы берілді. Басқа да орден-медальдармен марапатталған.

XS
SM
MD
LG