Accessibility links

Столтенберг: НАТО шарасы - Ресей әрекетіне жауап


НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг. Брюссель, 5 ақпан 2015 жжыл.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг. Брюссель, 5 ақпан 2015 жжыл.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг альянстың "Шығыс Еуропадағы әлеуетін арттыруы - Ресейдің агрессиялық әрекетіне берілген жауап" деп мәлімдеді.

Брюссельде НАТО елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі алдында мәлімдеме жасаған Столтенберг Мәскеуді 2014 жылы қыркүйекте Минскіде жасалған қақтығысты тоқтату келісімі орындалуы үшін сепаратистерге ықпал етуге шақырды.

Кездесуде Латвия, Литва, Эстония, Польша, Румыния және Болгарияда жаңа жедел әрекет ету күштерін жасақтау, кіші қолбасшылық орталықтар құру жайы талқыға салынады.

Столтенбергтің айтуынша, НАТО қорғаныс шараларын Ресейдің халықаралық нормаларды бұзып, Қырымды аннексиялап алғанына байланысты күшейтпек.

Столтенберг НАТО-ның Ресеймен ынтымақтастығы іс жүзінде тоқтағанын, бірақ 6-8 ақпанда өтетін халықаралық Мюнхен қауіпсіздік конференциясы кезінде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен диалог орнатуға мүмкіндік барын айтты.

XS
SM
MD
LG