Accessibility links

Олланд пен Меркель Украина жағдайын талқыламақ


Франция президенті Франсуа Олланд (сол жақта) пен Германия канцлері Ангела Меркель. Брюссель, 24 қазан 2014 жыл.
Франция президенті Франсуа Олланд (сол жақта) пен Германия канцлері Ангела Меркель. Брюссель, 24 қазан 2014 жыл.

Франция президенті Франсуа Олланд пен Германия канцлері Ангела Меркель 6 ақпанда Мәскеуге барып, Украинаның шығысындағы жағдайды талқылайды. Бұл туралы Франция президенті Олланд 5 ақпанда Парижде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Франсуа Олланд Франция мен Германияның Украинадағы қақтығысты реттеу шараларын күшейтетінін де айтты. Оның мәлімдеуінше, екі ел Украинаның тұтастығын сақтауға арналған жаңа ұсыныстар дайындаған.

5 ақпанда Германия және Франция президенттері Киевке Украина президенті Петр Порошенкомен кездесуге бармақ. Қазір Киевте АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри де жүр.

XS
SM
MD
LG