Accessibility links

Донбаста 5 украин сарбазы мен 190 сепаратист мерт болды


Донецкідегі атыс болған аймақтардың бірі. 4 ақпан 2015 жыл
Донецкідегі атыс болған аймақтардың бірі. 4 ақпан 2015 жыл

4 ақпанда Украинаның шығысындағы Донбасс аймағында 5 украин солдаты мерт болып, 29 сарбаз жарақат алған деп хабарлады Украина бас штабының жетекшісі Владислав Селезнов.

Бас штабтың баспасөз орталығының хабарлауынша, бір түннің ішінде сепаратистер Украина әскерилерінің аймағы мен Дебальцево қаласын артиллерия мен минометтен 21 рет атқылаған.

Украина әскерилерінің дерегінше, Донбаста бір күннің ішінде 190 сепаратист мерт болған.

Ал өзін-өзін "Донецк халық республикасы" деп жариялаған сепаратистік құрылым тұрғындар арасынан 8 адам қаза тауып, 33 адам жаралағанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG