Accessibility links

Қырымда Черчилль, Рузвельт және Сталинге ескерткіш қойылды


Ресей мемлекеттік думасының спикері Сергей Нарышкин Черчиль, Рузвельт және Сталинге орнатылған ескерткіштің ашылуында сөйлеп тұр. Ялта, 5 ақпан 2015 жыл.
Ресей мемлекеттік думасының спикері Сергей Нарышкин Черчиль, Рузвельт және Сталинге орнатылған ескерткіштің ашылуында сөйлеп тұр. Ялта, 5 ақпан 2015 жыл.

Ресей Украинадан тартып алған Қырым түбегінде Уинстон Черчилль, Франклин Рузвельт және Иосиф Сталинге жаңа ескерткіш орнатты. Ялтада орнатылған салмағы он тонналық ескерткіштің ашылуына мемлекеттік дума спикері Сергей Нарышкин қатысты.

Биыл Ұлыбритания, АҚШ және СССР басшылары нацистік Германияны толық тізе бүктіріп, соғыстан кейінгі Еуропаны қайта құру мәселелерін талқылаған Ялта конференциясына 70 жыл толғаны атап өтіліп жатыр.

Қырым татарлары Сталинді мәңгі есте қалдыру түбектегі алауыздықты шиеленістіреді деп, ескерткіштің қойылуына қарсылық білдірді.

1944 жылы Сталин 180 мың қырым татарларын Орталық Азияға жаппай депортациялауға бұйрық берген. Олардың көпшілігі 1980 жылдардың соңы мен 1990 жылдардың басында Қырымға қайтып оралған.

Ресей өткен жылы наурыз айында Қырым түбегін аннексиялағаннан бері этникалық татарлар кемсітушілік пен қуғын-сүргін көріп келеді. Татарлардың көпшілігі аннексияға қарсы.

XS
SM
MD
LG