Астанада бүгін Қазақстан халқы ассамблеясы жылы ресми түрде басталды. Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халықтары ассамбелясының туы көтерілді. Сарай алдындағы алаңда "Жастар қоғамдық келісімді қолдайды" деген атпен флешмоб өтті.
Астанада бұған қоса қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі ашылған. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жәрмеңкеге "этномәдени бірлестіктер шеберлерінің бұйымдары" қойылған.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылды Қазақстан халқы ассамблеясы жылы деп жариялаған. Президент басқаратын ассамблея 1995 жылы құрылған. Ол президент жанындағы кеңесші орган саналады.