Accessibility links

Мюнхенде қауіпсіздік конференциясы өтеді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Мюнхенде бүгін қауіпсіздік мәселесіне арналған халықаралық конференция басталады.

Биыл 51 рет өтетін конференцияға жиырма мемлекет және үкімет басшылары, ондаған сыртқы істер, қорғаныс министрлері мен сарапшылар қатысады.

Жиында талқыланатын басты тақырыптардың бірі Шығыс Украинадағы қақтығыс жайы. Конференцияның екінші күні - 7 ақпан толығымен Еуропадағы қауіпсіздік мәселесіне арналады. Бұл күні Германия канцлері Ангела Меркель, АҚШ вице-президенті Джо Байден, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров баяндама жасайды.

7 ақпанда Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри кездесуі жоспарланып отыр.

Associated Press-тің АҚШ мемлекеттік департаментіндегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, Джон Керри Иран сыртқы істер министрі Джавад Зарифпен де кездеседі. Кездесуде екеуі Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздің болашағын талқыламақ.

XS
SM
MD
LG