Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Федерация кубогының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы бірінші тобының финалына шықты.
А тобындағы үшінші матчта Қазақстан Таиландты жеңді. Алдымен әлемнің 51-ракеткасы Ярослава Шведова Пингтарн Плипуечті (әлемдік рейтингте 493-орында) үш сетте 7:6, 7:5, 6:2 есебімен жеңді.
Ал әлемнің 33-ракеткасы Зарина Дияс Ниша Лертпитаксинчайды (437) бір сағатқа жеткізбей 6:0, 6:0 есебімен ұтты.
Осыған дейін Қазақстан топтық кезеңде Қытай мен Тайваньды жеңген. Енді қазақ теннисшілері финалда В тобының жеңімпазы Жапониямен кездеседі. Жеңсе 2016 жылы әлемдік топтың плей-офф кезеңінде ойнайды.