Жұма күні Алматы уақытымен 21 сағат 37 минут шамасында Алматыдан 356 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.
Қазақстанмен көрші Қытай аумағындағы жер сілкінісі эпицентрінде 4,1 магнитуданы құраған, жер сілкінісінің ошағы 0-5 километр тереңдікте болған деп хабарланды.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ. Жер сілкінісінің дүмпуі Алматы облысында сезілмеген.