АҚШ прокуратурасы елде бірнеше штатта тұрып жатқан, АҚШ-қа Босния-Герцеговинадан келген алты иммигрантқа «террорлық ұйымдарға жәрдемдескен» деген айыптар тақты. Олардың бесеу тұтқынға алынған. Айып тағылғандардың жасы 26 мен 42 аралығында, үшеуі әйел.
Оларға Түркия мен Сауд Арабиясы арқылы америкалық киім-кешек, дәрі-дәрмек пен әскери мақсаттағы керек-жарақтар және ақшаны Сирия мен Ирактағы әл-Қаида, әл-Нусра майданы мен «Ислам мемлекеті» сияқты террористік ұйымдарға жіберіп тұрған деген айып тағылды.
Айыптау қортындысында екі жылдың ішінде бұл алты адам әлгіндей мақсатқа бірнеше мың доллар ақша жұмсағаны айтылған. Олар іс-әрекеттерінде Facebook және басқа әлеуметтік желілерді пайдалаған.
Алтауына да террористерге материалдық көмек көрсету мақсатымен астыртын сөз байласқан деген айып тағылып отыр. АҚШ заңы бойынша, бұндай қылмыс жасағандар 15 жылға дейін түрме жазасына кесілуі мүмкін. Олардың екеуіне бұған қоса кісі өлтіруге сөз байласқан деген айып тағылған, ол үшін өмір бойы түрмеге отыруы ықтимал.
Тұтқынға алынғандар туралы түсініктеме берген АҚШ әділет министрінің орынбасары Джон Карлин бұл оқиға терроризмді қолдаушыларды жауапкершілікке тартудағы АҚШ-тың табандылығын көрсетеді деп мәлімдеген.