Accessibility links

Герольд Бельгер өмірден өтті


Жазушы Герольд Бельгер. Алматы, 27 желтоқсан 2009 жыл.
Жазушы Герольд Бельгер. Алматы, 27 желтоқсан 2009 жыл.

Қазақстанның белгілі жазушысы, әдебиеттанушы әрі аудармашы Герольд Бельгер 81 жасқа қараған шағында бүгін Алматыда дүниеден өтті.

Шығармаларын қазақ, орыс және неміс тілдерінде жазған Герольд Бельгер «Даладағы шағала», «Алтын асу», «Тас өткел», «Казахское слово» сынды ондаған кітаптың авторы.

Герольд Бельгер 1934 жылы қазанда Ресейдің Саратов облысында, Волга бойындағы неміс АССР-інде этникалық неміс отбасында дүниеге келген. 1941 жылы Сталиннің жарлығымен барлық немістермен бірге Солтүстік Қазақстандағы қазақ ауылына жер аударылған. Қазақ тілінде мектепте білім алып шыққан Герольд Бельгер Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы универститет) филология факультетін тәмамдаған.

1994-1995 жылдары Герольд Бельгер Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаты болды.

Биыл қаңтар айының 21-і күні алтыншы мәрте жүрек талмасына ұшыраған жазушы содан бері Алматының орталық ауруханасында жатқан еді.

XS
SM
MD
LG