Accessibility links

Лавров АҚШ пен Еуропа Одағын айыптады


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі конференцияда сөйлеп тұр. 7 ақпан 2015 жыл.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі конференцияда сөйлеп тұр. 7 ақпан 2015 жыл.

Бүгін Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров НАТО мен АҚШ-ты Еуропадағы, соның ішінде Украинадағы «қауіпсіздікті бұзып отыр» деп айыптап, Еуропа Одағы мен Ресейдің стратегиялық әріптестігі «сыннан өте алмады» деп мәлімдеді.

Лавровтың айтуынша, бұндай жағдайға Еуропа Одағының Ресеймен қарым-қатынастың «тайталастық жолын» таңдап алуы себеп болған. «Еуропалық қауіпсіздікті ұйымдастырудағы терең және жүйелі проблемалар» туралы айтқан Ресей министрі сөзіне дәлел ретінде соңғы жыл ішіндегі оқиғаларды айтқан. Бірақ ол қандай оқиғалар екенін нақты атамаған Лавров «Батыс күрделі жағдайда әркезде Ресейді кінәлауға тырысады» деген пікір білдірген.

Украинаның шығысындағы жағдайды реттеуге қатысты сөзінде Донбастағы жанжалды шиеленістіріп отыр деп АҚШ пен Еуропа Одағын айыптаған Сергей Лавров, әйткенмен дағдарысты әлі де бейбіт жолмен шешуге болады деген.

XS
SM
MD
LG