Accessibility links

Сочиде Путин Атамбаевпен кездесті


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Сочи, 7 ақпан 2015 жыл.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Сочи, 7 ақпан 2015 жыл.

Ақпанның 7-і күні Сочи қаласында Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездескен деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Қырғызстан президенті аппаратынан алынған ақпарат бойынша, бейресми жағдайда өткен әңгіме барысында екі басшы Қырғызстан мен Ресей арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша әріптестік мәселелерін талқылаған.

«Сонымен бірге Алмазбек Атамбаев пен Владимир қырғыз-ресей ынтымақтастығының көпқырлы дамуының мааңызын атап өтті. Кездесуден соң мемлекет басшылары Сочиде 22-қысқы Олимпиада ойындары және 11-параолимпиада ойындарының ашылғанына бір жыл толуына арналған мұз айдынындағы салтанатты шараны тамашалауға барды» делінген қырғыз президенті аппаратының хабарламасында.

XS
SM
MD
LG