Accessibility links

Жамбыл облысында жол апатынан 10 адам мерт болған


Жамбыл облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)
Жамбыл облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)

Жамбыл облысының аумағында болған жол апатынан 10 адам мерт болды деп хабарлады бүгін Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз қызметі.

Ресми ақпарат бойынша, жол апаты сенбі, ақпанның 7-сінде Алматы-Астана жолының 394-километрінде болған. Шымкентке кетіп бара жатқан "ВанХол" маркалы жолаушылар автобусы көктайғақта аударылып кеткен. Он адам оқиға орнында көз жұмған. Үш жолаушы Приозерск қаласының ауруханасына жеткізілген. Қалған зардап шеккен жолаушыларға медициналық жәрдем көрсетілген.

Автобусты жүргізген Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір жол апаты бойынша қылмыстық іс қозалып, сот сараптамалары тағайындалған.​

XS
SM
MD
LG