Accessibility links

Украина: Ресей 48 сағатта 1500 әскер кіргізді


Донецк аймағында жүрген сепаратистер солдаты (Көрнекі сурет)
Донецк аймағында жүрген сепаратистер солдаты (Көрнекі сурет)

Украина әскерилері 7-8 ақпанда елдің шығысындағы шекара арқылы 1500 ресейлік солдат кіргенін мәлімдеді. Киевтің есебінше, Украинаның шығысындағы Ресей әскерінің саны 10 мыңға жеткен.

Украина әскері өкілі Андрей Лысенко ел аумағында ресейлік 300 әскери техника бар екенін де айтты.

Ал Ресей президенті Владимир Путин Украина аумағында Ресей әскері жоқ екенін мәлімдеген.

АҚШ вице-президенті Джо Байден 7 ақпанда Брюссельде Еуропа Одағы өкілдерімен кездесуде Ресей әскері Украинадан шығу керек екенін, әйтпесе экономикалық санкциялар мен изоляция күшейетінін ескерткен.

XS
SM
MD
LG