Accessibility links

Алматы маңында жер сілкінді


Алматы төңірегіндегі тау көріністері. (Көрнекі сурет)
Алматы төңірегіндегі тау көріністері. (Көрнекі сурет)

Ақпанның 9-ына қараған түні жергілікті уақыт бойынша 01 сағат 35 минут шамасында Алматыдан оңтүстікке қарай 35 километр жерде 4,3 магнитудалы жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемесі хабарлады.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, 15 километр тереңдікте тіркелген.​ Жер дүмпуінің сезілгені және зардап шеккендер туралы мәлімет әзірше түспеген.

XS
SM
MD
LG