Accessibility links

Сарыағаштағы жағдайды полиция бақылап тұр


Сарыағаш ауданындағы қазақ-өзбек шекарасындағы бағандар. Оңтүстік Қазақстан облысы. (Көрнекі сурет)
Сарыағаш ауданындағы қазақ-өзбек шекарасындағы бағандар. Оңтүстік Қазақстан облысы. (Көрнекі сурет)

Азаттықтың сенімді дереккөзінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында өткен аптада тәртіпсіздік болған Бостандық ауылы, тәртіпсіздік себеп кісі өлімі болған Ынтымақ ауылында қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Ауылдардың іргесінде қауіпсіздік күштері, жедел жәрдем, өрт сөндіру көліктері қойылған. Ауылға кірген-шыққан адамдар тексеруден өтеді. Ауылдарда ұялы байланыс қалыпты жұмыс істеп тұр.

Ақпанның 5-і мен 6-сы күндері Сарыағаш ауданындағы бірнеше ауылда этникалық тәжіктерге тиесілі болуы мүмкін оннан астам көлік пен үй өртеніп, он шақты көліктің қирағаны туралы бұған дейін Азаттыққа оқиға куәгерлері айтқан еді. Билік жанжал болған ауылдарға полиция жасағы енгізіліп, жағдайды бақылау алғанын мәлімдеген. Ресми ақпаратта Сарыағаш ауданында болған тәртіпсіздіктер кезінде құрбан болғандар жоқ деп хабарланды.

Кеше, ақпанның 9-ында Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі Сарыағаштағы жағдайдың тұрақты екенін, жергілікті билік өкілдері, ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдерінен құралған топтар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG