Accessibility links

Қырымда Ресей әскерінің жаттығуы өтіп жатыр


Ресейлік солдат. (Көрнекі сурет)
Ресейлік солдат. (Көрнекі сурет)

Қырымда Ресей әскерінің жаттығуы өтіп жатыр. Ресейдің Қара теңіз флотының жетекшісі Вячеслав Трухачевтың мәлімдеуінше, бұл оқу-жаттығу шарасына 600 сарбаз бен 50 әскери техника қатысып жүр.

9 ақпанда Ресейдің оңтүстігінде арнайы жасақ пен әскерилердің де жаттығуы басталған. 2000 әскер мен 200 техника қатысып жатқан ол шара бір айға созылады. Жаттығу Ресейдің Волгоград облысы, Ставрополь өлкесі, Шешенстан, Дағыстан, Адыгей, Солтүстік Осетия аймағында өтеді.

Ресейде 2014 жылдың наурызынан бастап бірнеше ірі әскери жаттығу өткізілді. Сәуірде Украинамен шекара маңында Ресейдің Оңтүстік және Батыс әскери округтері жаттығу ұйымдастырған. Кремльдің қыркүйекте өткізген "Шығыс-2014" жаттығуына 150 мың әскер мен 8 мың техника қатысқан.

XS
SM
MD
LG