Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) билігі Иордания аумағында орналасқан F-16 ұшақтары "Ислам мемлекеті" (ИМ) басып алған аймаққа әуе шабуылын жасап қайтқанын мәлімдеді.
БАӘ мен Иордания АҚШ-тың ИМ-ге қарсы құрған коалициясына кірген, кейін иорданиялық ұшқышты ИМ тұтқындаған соң әуе шабуылдарын уақытша тоқтатқан.
ИМ ақпанның 3-і күні Иордания ұшқышын өртегені туралы видеоны жариялаған еді.
АҚШ әскерилері 9 ақпаннан бері коалиция ұшақтары ИМ территориясына 11 рет әуе шабуылын ұйымдастырғанын мәлімдеді.