Ресей жоғарғы соты Мордовия мектептерінде хиджап киюге тыйым салды.
2014 жылы Мордовия үкіметі мектептерде хиджап киюге шектеу қойған соң жергілікті мұсылман ұйымдары сотқа шағымданған. Алайда сот мұсылман ұйымдарының шешімін қанағаттандырмай, мектептерде хиджап киюге тыйым салу туралы шешім шығарды.
Осыған дейін Ресейдің Ставрополь аймағындағы мектептерде хиджапқа ресми түрде тыйым салынған соң бірнеше оқу орнында балаларға қысым көрсетуге қарсылық шаралары ұйымдастырылған.
Ресей бас мүфтиі Талғат Таджуддин балиғат жасына толмаған қыз балалар хиджап кимесе болады деп мәлімдеген. Ал Ресей мүфтилері кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдиннің пікірінше, хиджапқа тыйым салу оқушы қыздарды қоғамнан оқшаулайды.