Украинаның ресейшіл сепаратистер бақылауындағы Донецк қаласында ауруханаға артиллерия снаряды түсіп, бір адам қаза тапты. Сепаратистер өкілі Юлиана Бедилоның айтуынша, снаряд №20 ауруханаға түсіп, өрт болған.
Жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің ақпараты бойынша, төтенше оқиғадан кемінде сегіз адам зардап шеккен. Кейбір деректерге қарағанда, қаза тапқан кісі снаряд түскенде аурухана маңынан өтіп бара жатқан. Снарядтың қай тараптан, кім атқаны әзірге белгісіз.