Accessibility links

RWB: Әлемде баспасөз еркіндігі нашарлады


Reporters without borders ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).
Reporters without borders ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).

"Шекарасыз тілшілер" (Reporters without borders немесе RWB) халықаралық баспасөз еркін қорғау ұйымы бүгін әлем елдеріндегі сөз бостандығының 2014 жылғы жай-күйіне арналған есебін жариялады. Ұйым 2014 жылы бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі "күрт төмендегенін" және мұның көп жағдайда "Ислам мемлекеті" (ИМ), "Боко Харам" сияқты экстремистік ұйымдармен байланысы барын айтады.

RWB өткен жылы 180 мемлекетте сөз бостандығы 3 мың 719 рет бұзылғанын анықтаған. Бұл сан 2013 жылғы көрсеткіштен сегіз пайызға артық. Ұйымның БАҚ бостандығы индексінің соңында баспасөз еркіндігі ең нашар елдер ретінде Иран, Қытай, Сирия, Солтүстік Корея тұр.

Былтыр осы рейтингте 160 орынға ие болған Қазақстан биыл да осы көрсеткішпен шыққан.

Рейтингтің соңғы жағында Украина мен Түркия да тұр. Украина тізім соңына 2014 жылдың басында Киевтегі халық толқуларында ресейшіл президент Виктор Януковичке қарсы журналистерді қудалағаны үшін, ал Түркия үкіметке қарсы демонстрацияларда БАҚ-қа қысым көрсеткені үшін түскен.

RWB есебінде Таяу Шығыс пен Украинадағы қақтығысқа қатысушы барлық тараптар қатаң ақпаратты соғыс жүргізгенін, журналистерді өлтіріп, я тұтқынға алып тек үгіт-насихат мақсатындағы материалдарды таратуына қысым жасағанын айтады.

XS
SM
MD
LG