Accessibility links

Вице-премьер: Оқу орындарын прокуратура тексереді


Қазақстан прьемер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев.
Қазақстан прьемер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев.

Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылды қорытындылау жиынында премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев жоғары оқу орындарын (ЖОО) бас прокуратура тексеретін мәлімдеді.

Ол 12 ақпанда Астанада өткен жиында "елдегі ЖОО мамандарды дұрыс дайындамай жатқанын, база мен бақылаудың нашарлығын" айтты. Сапарбаевтың сөзінше, бас прокуратура мен үкіметтік тексерістен соң талапқа сай келмейтіні анықталған оқу орындары жабылады.

Премьер-министрдің орынбасары ЖОО өз түлектерінің жұмысқа тұрғаны туралы жыл сайын беретін анықтамаларының көбі "жалған" екенін, бұдан былай тек зейнетақы төлеу орталығының анықтамаларын алатынын айтты. Осыған дейін Қазақстандағы студенттер университеттердің рейтингін көтеру үшін түлектерден әлі тұрмаған жұмыс орны жайлы құжат талап ететінін айтып, наразылықтарын білдірген.

XS
SM
MD
LG