Accessibility links

Дүниежүзілік банк Украинаға 2 млрд доллар бөлмек


Дүниежүзілік банк басшысы Джим Ен Ким.
Дүниежүзілік банк басшысы Джим Ен Ким.

Дүниежүзілік банк Украинаға 2015 жылы кедейшілікте тұрып жатқандарға көмек көрсету, реформалар жүргізу және коррупциямен күреске көмек ретінде 2 миллиард АҚШ долларын бөлетінін жариялады.

Дүниежүзілік банктің хабарлауынша, қаржы халықаралық қауымдастықтан жиналған қаржыдан беріледі.

"Украинаның кешенді реформаларды тезірек жүргізгені өте маңызды" деген Дүниежүзілік банк басшысы Джим Ен Ким мәлімдемесінде.

12 ақпанда Халықаралық валюта қорының атқарушы директоры Кристин Лагард Киевпен Украинаға төрт жыл мерзімге жеңілдетілген шартпен 17,5 миллиард АҚШ долларын беруге алдын-ала келісім жасалғанын мәлімдеген.

Лагард Украина алдағы төрт жылда жалпы сомасы 40 миллиард АҚШ долларын, оның ішінде Дүниежүзілік банк сияқты басқа да қаржы көздерінен несиелер алатынын айтқан.

Украина валютасы - гривен өткен жылы елу пайызға құнсызданып, елдің экономикалық өсімі 7,5 пайызға төмендеген.

XS
SM
MD
LG