Accessibility links

Серік Ахметовті қамау мерзімі ұзартылды


Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов.
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов.

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовті қамау мерзімі екі айға ұзартылды деп хабарлайды бүгін жергілікті агенттіктер. Қарағандының Қазыбек би аудандық №1 соты бүгін тергеушілердің өтінішін қанағаттандырып, Серік Ахметовті қамау мерзімін 18 сәуірге дейін ұзартқан.

Судья Еркеш Мәукеннің айтуынша, қамау мерзімі Серік Ахметовтің ауқымды тергеу материалдарымен танысуына біраз уақыт қажет болғандықтан ұзарған. Ахметовке ресми айып ол сот материалдарымен танысып болғаннан кейін тағылмақ.

Серік Ахметовке аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп, өткен жылдың қараша айында қамауға алынған. Ол айыбын мойындамайтынын мәлімдеген.

Серік Ахметов 2012 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан премьер-министрі қызметін атқарып, отставкаға кеткен. Бұдан соң ол қорғаныс миинстрі болып тағайындалып, қазан айында қызметінен босатылған еді.

Серік Ахметов оған дейін Қарағанды облысы әкімі (2009), премьер-министрдің бірінші орынбасары (2012) қызметтерін атқарған.

XS
SM
MD
LG