Accessibility links

Пешавардағы оқиғаға қатысты 12 адам тұтқындалды


Пешавар маңында терроризм күдігімен тұтқындалғандардан қару-жарақ тәркілеу сәті. 11 ақпан 2015 жыл
Пешавар маңында терроризм күдігімен тұтқындалғандардан қару-жарақ тәркілеу сәті. 11 ақпан 2015 жыл

Пәкістан Пешавардағы терактіге қатысы бар деген күдікпен 12 Талибан мүшесін тұтқындады.

12 ақпанда Пәкістан әскерінің генералы Асим Салеем Важуа күдіктілердің алтауы Ауғанстанда, қалғаны Пәкістанда ұсталғанын айтып, күдіктілерді ұстауға көмектескен Ауғанстанға алғысын білдірді.

Пәкістан үкіметінің мәліметінше, тұтқындалғандардың бірі МаулАви Абд ус-Салам Пешавардағы мешітте имам болған және мемлекеттен еңбекақы алып отырған.

2014 жылы 16 желтоқсанда Пешавардағы мектепте теракт болып, 151 адам мерт болған. Қаза тапқандардың көбі - оқушылар. Осы оқиғадан кейін Пәкістан терроризммен күрес шараларын күшейтіп, терактіге қатысы бар деген күдікпен он мыңнан астам адамды тұтқындады.

XS
SM
MD
LG