Accessibility links

Қанат Ислам 19-кездесуін өткізеді


Қанат Ислам мен Фидель Монтеррос Муньоспен кездесуі. Колумбия, 7 тамыз 2014 жыл. Сурет боксшының жеке мұрағатынан алынды.
Қанат Ислам мен Фидель Монтеррос Муньоспен кездесуі. Колумбия, 7 тамыз 2014 жыл. Сурет боксшының жеке мұрағатынан алынды.

Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам өзінің 19-кездесуін 1 наурызда Мәскеуде өткізеді. Ол Гуидо Николас Питтомен (Аргентина) кездеседі.

Бұл кездесуде жеңіске жеткен боксшы орта салмақта WBA International чемпиондық атағын иеленеді.

27 жастағы Питто 22 кездесу өткізіп, 19 матчта жеңіп, үшеуінде жеңілген. Ал 31 жастағы Қанат Ислам 18 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Қанат Ислам 18-кездесуін 2014 жылы тамызда өткізіп, колумбиялық Фидель Монтеррос Муньосты жеңген еді.

Қытайда туған этникалық қазақ Қанат Ислам 2008 жылы Пекин олимпиадасына сол елдің атынан қатысып, қола жүлде иеленген. Ол 2010 жылы Қазақстан азаматтығын алып, «Астана арландары» клубында бокстасып жүрді. Боксшы 2012 жылы Лондон олимпиадасына атажұртының атынан қатысуына байланысты азаматтық-құқықтық дау туған соң кәсіпқой боксқа бет бұрып, АҚШ-қа кеткен.

XS
SM
MD
LG