Жұма күні Алматы 215 шақырым қашықтықта жер сілкінді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.
Ақпанның 13-і күні жергілікті уақыт бойынша 18 сағат 46 минут 53 секундта Қазақстанмен көрші Қырғызстан аумағында 4,8 магнитудалы жер сілкінісі тірлкеген. Жер сілкінісінің ошағы 5 километр тереңдікте болған деп хабарланды.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ. Жер сілкінісінің дүмпуі Алматы облысында сезілмеген.