Accessibility links

БАӘ Йемендегі елшілігін жапты


Италия елшілігі алдында тұрған полицейлер. Сана, Йемен, 13 ақпан 2015 жыл.
Италия елшілігі алдында тұрған полицейлер. Сана, Йемен, 13 ақпан 2015 жыл.

Біріккен Араб Әмірліктері бүгін Йемендегі елшілігін жапқаны туралы хабарлады. Бұдан бір күн бұрын Сауд Арабиясы, Италия және Германия мемлекеттері қауіпсіздік қамымен Санадағы дипломатиялық өкілдіктерін жапқан. Оған дейін АҚШ, Ұлыбритания және Франция Йемендегі елшіліктерін «жағдай оңалғанға шейін» жапқан еді.

Өткен айдың бас кезінде Йемен президенті Абд-Раббу Мансур Хайди мен оның үкіметі отставкаға кеткен соң, бірнеше айдан бері билікке қарулы қарсылық танытып жатқан шиит көтерілісшілері оларды үйқамаққа алып, парламентті таратып, уақытша ассамблея мен үкімет құрған.

Көтерілісшілер Санаға былтыр қыркүйек айында бақылау орнатып, елдің басқа аумақтарын да басып ала бастаған.

XS
SM
MD
LG