Accessibility links

Порошенко Донбаста атысты тоқтатуды бұйырды


Порошенко Донбаста атысты тоқтатуды бұйырды
please wait

No media source currently available

0:00 0:10:28 0:00

ВИДЕО: Президент Петр Порошенко. Украина қарулы күштері бас штабындағы отырыста елдің шығысындағы үкімет күштеріне атысты тоқтатуды бұйырды. 15 ақпан 2015 жыл.

Украина президенті әрі қарулы күштерінің бас қолбасшысы Петр Порошенко елдің шығыс аймағында террорға қарсы операциялар жүргізіп жатқан украиналық әскерилерге ақпанның 15-і сағат 00:00-ден бастап атысты тоқтатуға бұйрық берді. Ол бұны Украина қарулы күштері бас штабында өткен отырыс кезінде жария еткенін украиналық және шетелдік телеарналар тікелей эфирде көрсетті.

«Мен қазір Украина қарулы күштеріне, Ұлттық гвардияға, ішкі істер министрлігі бөлімшелеріне, шекаралық қызмет бөлімшелеріне, қауіпсіздік қызмет бөлімшелеріне ақпанның 15-і күнгі сағат 00:00-ден бастап атысты тоқтатуға бұйрық беремін» деді Порошенко.

Украина президенті сепаратистердің қарулы топтары да бейбітішілік туралы келісім талаптарын орындап, атысты тоқтатады деп үміттенетінін айтқан.

Өзін өзі жариялап алған «Донецк халық республикасының» өкілі Эдуард Басурин жексенбіге қараған түні, Киев уақытымен сағат он екіде сепаратистер де әскери іс-қимылдарын тоқтатқаны туралы мәлімдеген.

Ақпанның 12-і күні Минскіде Германия, Украина, Франция және Ресей басшылары бірнеше сағатқа созылған келіссөз нәтижесінде Шығыс Украинадағы қақтығысты тоқтатуға уағдаласып, атысты тоқтату туралы келісім ақпанның 15-інен күшіне енеді деп жариялаған.

XS
SM
MD
LG