Accessibility links

Иорданияда «Мұсылман бауырлар» жетекшісі сотталды


Иордания астанасы Амманда көшеде отырған адам. (Көрнекі сурет)
Иордания астанасы Амманда көшеде отырған адам. (Көрнекі сурет)

Иордания соты бүгін «Мұсылман бауырлар» қозғалысы жетекшілерінің бірі Заки Бани Ршеидті 18 айға түрме жазасына кесті. Ол Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) исламшыл ұйымдардың қызметіне тыйым салған шешімін сынағаны үшін жазаланған.

Сот Заки Бани Ршеидті Иордания корольдігі мен шет мемлекеттің «қарым-қатынасына нұқсан келтіруі мүмкін» іс-әрекеті үшін айыпты деп тапқан.

Ршеид былтыр күзде Facebook әлеуметтік желісінде БАӘ билігі елдегі 80-ге жуық исламшыл ұйымдардың, солардың арасында «Мұсылман бауырлар» қозғалысын терроризмді қолдайтындар тізіміне алып, қызметіне тыйым салу туралы шешімімен «АҚШ пен Израиль мүддесіне қызмет етіп отыр» деп жазған соң, қараша айында тұтқынға алынған.

БАӘ өкіметі «Мұсылман бауырлар» қозғалысымен бірге әл-Қаида ұйымы, «Ислам мемлекеті» тобы мен Йемендегі хуситтер қозғалысын да қызметіне тыйым салынған ұйымдар тізіміне енгізген.

Иорданияда билікке оппозициядағы «Мұсылман бауырлар» қозғалысы тұрғындар арасында қолдауға ие.

XS
SM
MD
LG