Accessibility links

Ауғанстаннан совет әскерінің кеткенін Астанада еске алды


Совет әскері қатарында Ауғанстанда соғысқа қатысқандардың митингі. Алматы, 24 сәуір 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Совет әскері қатарында Ауғанстанда соғысқа қатысқандардың митингі. Алматы, 24 сәуір 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Астанада бүгін интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіш жанында Ауғанстаннан совет әскерінің шығарылғанына 26 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, республикалық «Жас ұлан» мектебінің шәкірттері қағаздан жасалған 924 дана қызыл түсті қызғалдақтан осы санды қар үстіне құрастырып жазған. Ауғанстанда совет әскері қатарында 924 қазақстандық азамат қаза тапқан.

СССР билігі Ауғанстанға 1979 жылы әскер кіргізген. Содан кейінгі тоғыз жыл ішінде Ауғанстанда 600 мыңдай совет әскери қызметшілері болған. Сол кезең ішінде 14 мыңнан аса совет сарбазы қаза тауып, кейбір есептер бойынша, екі миллионға жуық ауған азаматтары құрбан болған.

1988 жылы сәуірде Женевада Ауғанстандағы жағдайды саяси жолмен реттеу туралы жасалған келісімнен соң СССР мамырдың ортасынан бастап әскери бөлімдерін әкете бастады. Соңғы совет әскери колоннасы 1989 жылы ақпанның 15-і күні Ауғанстан жерін тастап шыққан.

XS
SM
MD
LG