Accessibility links

Астанада "Қазақстанда жасалған акциясы" басталды


Қазақстандық шаруа қожалығы шығаратын қымыздың этикеткасы. (Көрнекі сурет)
Қазақстандық шаруа қожалығы шығаратын қымыздың этикеткасы. (Көрнекі сурет)

Астанада «Қазақстан 2050» жалпы ұлттық қозғалысы «Қазақстанда жасалған» акциясын бастады. Қозғалыс белсенділері тұрғындарды отандық тауарды сатып алуға үгіттеп арнайы шара ұйымдастырды. Олар дүкен сөрелеріндегі отандық тауарларға «Қазақстанда жасалған» және «Шетелдікін алғаның - жұмыссыз қалдырғаның» деген жазулар ілді. Жалпы ұлттық қозғалыстың медиа директоры Қанат Әуесбай алдағы уақытта осындай үгіт-насихат құралдарын қаладағы барлық дүкендерде ілуге келіссөз жүргізіп жатқандарын айтты.

Астанадағы супермаркеттердің бірінің басшысы Ильяс Исатаев дүкендегі жалпы тауардың 60 пайызына жуығы отандық тауар екенін айтады. "Сатып алушылардың Қазақстанда жасалған сүт, нан, ет, ішімдік өнімдеріне сұранысы жоғары" дейді ол.

2015 жылы ақпанның 11-і күні үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындарды отандық өндірушілерді қолдауға, отандық тауарды алуға шақырған. «Қазақстан 2050» жалпы ұлттық қозғалысы «Қазақстанда жасалған» акцияларын ел аумағы бойынша жүргізбек ниетте.

XS
SM
MD
LG