Accessibility links

Украинада Януковичтің серігі қамауға алынды


Александр Ефремов (оң жақтан екінші) сот залында тұр. Киев, 16 ақпан 2015 жыл.
Александр Ефремов (оң жақтан екінші) сот залында тұр. Киев, 16 ақпан 2015 жыл.

Киев соты Украина экс-президенті Виктор Януковичтің серіктерінің бірі, "Аймақтар партиясының" парламенттегі фракциясының бұрынғы жетекшісі Александр Ефремовтің ісін қарап, оны қамауда қалдыруға шешім шығарды.

Ақпанның 14-інде ұсталған Ефремовке кепілге 3,6 миллион гривен төлеп босап шығу мүмкіндігі берілген. Украина билігі оны "қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды" және "қызмет бабында жалған құжат жасады" деп айыптайды. Оның үстінен тергеу жүріп жатқанына бірнеше ай болған.

Ефремовтің ұсталуы өткен аптада Украинадағы басты оқиғалардың бірі болған. Еуромайданның жеңіске жеткеніне бір жыл толу қарсаңында Ефремовтен кейін қазіргі украин оппозициясының басқа да өкілдері қамалуы мүмкін. Куәгерлердің айтуынша, Ефремов өзін ұстау кезінде қарсылық көрсетпеген.

Егер сот Александр Ефремовты айыпты деп таныса, ол үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін.

Жалған құжат жасау және қызметтік қылмыстан өзге Ефремовка саяси айып та тағылуы мүмкін. Саясаттанушы Александр Палийдің айтуынша, Украинада алғашқы халық толқулары басталған кезден-ақ Ефремовты Украинадағы сепаратизмнің негізгі дем берушісі деп атаған. Шығыс Украинадағы сепаратистерді Ефремовтың қолдағанын дәлелдейтін айғақтар жеткілікті дейді сарапшы.

XS
SM
MD
LG