Қазақстан Минскіде өткен төрт ел басшыларының "норманд форматындағы" кездесуінде қол жеткен "маңызды келісімді" құптайды деп мәлімдеді бүгін Астанада шетелдік дипломатиялық корпустар өкілдерімен кездесуінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Ол Астананың Украина дағдарысын реттеу жолдарын ортақ іздестіру жұмыстарына қатысқанын және қатыса да беретінін айтты. Назарбаевтың сөзінше, Украина дағдарысы "ешкімді бей-жай қалдыра алмайды".
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Шығыс Украинадағы қақтығысушы тараптарды келісімді орындап, атысты тоқтатуға және басқа да саяси мәселелерді шешуге шақыратынын айтты.
Ақпанның 11-і мен 12-сі күндері Германия, Франция, Украина және Ресей басшылары Минскіде кездесіп, Шығыс Украинада 15 ақпаннан бастап қақтығысты тоқтату туралы жаңа келісім жасасқан.