Әлемнің 33-ракеткасы Зарина Дияс Дубайдағы жарыстың үшінші кезеңіне өтті.
Ол екінші айналымда әлемнің 10-ракеткасы германиялық Андреа Петковичті 7:5, 6:3 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 40 минутқа созылды.
Дияс алғашқы айналымда тағы бір германиялық теннисші Аника Бекті 6:2, 6:2 есебімен жеңген.
Зарина Дияс үшінші кезеңге шығу арқылы 105 рейтингтік ұпай мен 26 мың доллар ұтып алды.
Дияс үшінші кезеңде әлемнің 9-ракеткасы Екатерина Макаровамен (Ресей) кездеседі.
Дубайдағы жүлде қоры 2,2 миллион долларды құрайтын жарыс 21 ақпанда аяқталады.