Accessibility links

Путин украин әскерін қоршаудан шығаруға шақырды


Дебальцево маңындағы ресейшіл сепаратист. Украина, 17 ақпан 2015 жыл.
Дебальцево маңындағы ресейшіл сепаратист. Украина, 17 ақпан 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Шығыс Украинадағы ресейшіл сепаратистерге қоршауға алған Дебальцево қаласынан украин әскерінің шығып кетуіне мүмкіндік беруге шақырды. Ақпанның 17-сі күні Будапеште сөйлеген Владимир Путин "Киев әскердің қаруын тастауына кедергі келтірмеуі тиіс" деп мәлімдеді.

Кеше сепаратистер Дебальцевоның көпшілік бөлігін бақылауға алғанын және сол маңдағы украин әскери бөлімдерін қоршағанын хабарлаған.

Киев Дебальцевоның қолдан кеткенін мойындағанымен, қала үшін ұрыс жалғаса беретінін мәлімдеді. Украина ішкі істер министрлігі бірқатар әскердің тұтқынға түскенін мойындады, бірақ ресейлік БАҚ-тардың "сепаратистер көп сарбазды қолға түсірді" деген ақпаратын жоққа шығарды.

Соғысып жатқан екі тарап та Минск келісімі бойынша ақпанның 17-сінде қақтығыс аймағынан әскері мен қару-жарағын әкету талабын орындамағанын айтады.

XS
SM
MD
LG