Accessibility links

АҚШ: Ресей мен сепаратистер Минск келісімін бұзды


АҚШ вице-президенті Джо Байден.
АҚШ вице-президенті Джо Байден.

АҚШ вице-президенті Джо Байден Шығыс Украинадағы қақтығысты тоқтату келісімінің бұзылуына Ресей мен оның қолдауындағы сепаратистерді кінәлады. Бұл туралы Джо Байден Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлескенде айтқан.

Ақ үйдің хабарлауынша, Порошенкомен әңгімесінде Байден "Ресейдің нұсқауымен әрекет ететін сепаратистердің Дебальцево қаласы маңында бейбіт келісімді бұзғанын қатаң айыптаған". АҚШ вице-президенті егер Ресей Минск келісімін бұзуын тоқтатпаса, "сепаратистерді қолдағаны үшін көретін шығыны еселене түседі" деген.

Ақ үй мәлімдемесінен бірнеше сағат бұрын АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псаки "Украина мен халықаралық қауымдастық Украина жерінде бөтеннің қолымен Ресейге қарсы соғысуға мүдделі емес" деп мәлімдеген. "Түрлі жоспарларды қарастырғанда біз бұл факторды ескереміз" деген Джен Псаки.

XS
SM
MD
LG