Accessibility links

Сенат төрағасы Конституциялық кеңеске жүгінді


Парламент сенаты төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін конституцияның 72-бабына сүйене отырып Конституциялық кеңеске конституцияның 41 бабы 3 тармағының мерзімінен бұрын президент сайлауын белгілеу туралы 1 бөліміне ресми түрде түсіндіріп беруді сұрады. Бұл туралы сенаттың ресми сайтында хабарланды.

Конституцияның 41 бабы 3 тармағының 1 бөлімінде кезектен тыс президент сайлауы президенттің шешімімен белгіленетіні және конституциялық заңдарда көрсетілген мерзім мен тәртіпте өткізілетіні айтылған.​

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін сенат отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаевтан Қазақстан халқы ассамблеясының елде биыл мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы ұсынысын қолдауды сұраған.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG