Accessibility links

Омбудсмен: "Жамансопка" түрмесінде азаптау болмаған


Қазақстандағы түрмелердің бірі. (Көрнекі сурет).
Қазақстандағы түрмелердің бірі. (Көрнекі сурет).

Солтүстік Қазақстандағы жұрт «Жамансопка» түрмесі деп атап кеткен ЕС-164/4 түзеу мекемесінде сотталушыларға қысым жасалмаған деп хабарлады Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл - омбудсмен Асқар Шәкіровке сілтеме жасаған оның баспасөз қызметі.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі 6 ақпан күні ол түрмені тексергенде ешқандай күштеу немесе азаптау фактілері анықталмағанын жазады. Бұған орай уәкілге сотталушылар тарапынан ешқандай шағым түспегені де айтылған.

"Ұлттық превентивті механизм деректері бойынша, жекелеген сотталушылар түзету мекемесінің әрекетіне кір келтіру үшін және мемлекеттік органдар мен құқық қорғаушылардың жұмысына сенімсіздік туғызу үшін арандатуға талпынып жатыр. Бұл мемлекеттің жемісті жұмысына және адам құқығын қорғауды жетілдіру жұмыстарына теріс әсер етіп отыр" делінген уәкілдің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ақпан айының ортасында ЕС-164/4 түрмесінде отырған азаматтық белсенді Вадим Курамшинді қорғау комитеті ол түрмеде аштық жариялаған азаматтардың өміріне қауіп төніп, оларға қысым көрсетіліп жатқанын хабарлаған. Комитет түрмедегі кейбір азаматтардың аты-жөндерін атап, олардың "өлердегі хаттарын" да таратқан. Хатта сотталушылар түрмедегі азап туралы жазып, "бұған көз жұма қарап отырған" омбудсмен өкілдерін кінәлаған.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG