Қазақстандағы әрбір алтыншы жемқорлық білім беру саласында жасалған деп мәлімдеді биліктегі президентшіл "Нұр Отан" партиясы.
Партияның дерегі бойынша, білім беру саласында 2013 жылы - 145, 2014 жылы - 252 жемқорлық фактісі тіркелген. Білім министрлігі мекемелері бойынша 2013 жылы - 9, ал 2014 жылы 18 коррупцияға қатысты іс қозғалған.
"Нұр Отан" партиясының мәлімдеуінше, мемлекеттік сатып алу мен тендерлерде де пара алу фактілері көбейген. Бұл сала бойынша 2013 жылы - 11 миллион 304 мың теңгеге, 2014 жылы 13 миллион 116 мың теңгеге қатысты заң бұзушылықтар тіркелген.
Қазақстан мектептеріндегі қаржыға қатысты дау - жиі айтылатын мәселелердің бірі.