Accessibility links

Таразда жүк вагоны аударылып, күкірт қышқылы төгілді


Жамбыл облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).
Жамбыл облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

"Тараз қаласының өндірістік ауданында Шайқұрық және Бурыл теміржол станциялары арасында күкірт қышқылы бар үш вагон аударылып, біреуінен аз көлемде күкірт қышқылы төгілді" деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 19 ақпан күні кешке жақын болған. Аударылған бір вагоннан аз көлемде күкірт қышқылы төгілген. Тараз қалалық әкімдігі оқиға орнында төтенше жағдай жариялап, апаттан құтқару тобы қышқыл төгілген жерді зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізген. Төтенше оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Ресейден келе жатқан күкірт қышқылы вагондары Тараздағы минералдық тыңайтқыштар зауытына жеткізілуі тиіс болған.

XS
SM
MD
LG