Accessibility links

АҚШ сенаторлары Ресейге санкцияны күшейтуге шақырды


АҚШ сенаты қарулы күштер комитетінің төрағасы, республикашыл Джон Маккейн.
АҚШ сенаты қарулы күштер комитетінің төрағасы, республикашыл Джон Маккейн.

Украинаның шығысындағы атысты тоқтату туралы келісімді бұзған ресейшіл сепаратистер Дебальцево қаласын басып алған соң, АҚШ Конргесі сенатындағы бәсекелес екі партияның мүшелері АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керриді Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды.

Керриге хатында сенаторлар «Украинаға қорғаныс қару-жарағын беретін және Ресейге қосымша санкциялар салу, соның ішінде ол елді SWIFT қаржы жүйесінен ажырату мәселесін қарайтын мезгіл жетті» деп жазған.

Хатқа қол қойғандардың арасында демократ Дик Дурбин және қарулы күштер комитетінің төрағасы, республикашыл партия өкілі Джон Маккейн бар.

Бұған дейін АҚШ президенті Барак Обама Украинаға ұшатын әскери көмек берілуі мүмкін екендігін жоққа шығармаған.

Ақ үйдің ресми өкілі Джош Эрнест ақпанның 20-сы күні жасаған мәлімдемесінде, Ресей қолдап отырған сепаратистердің Шығыс Украинада жүргізіп жатқан әскери операциялары Ресей үшін барған сайын «қымбаттай түсетінін» ескерткен.

XS
SM
MD
LG