Accessibility links

Әзербайжан манаты 33 пайызға құнсызданды


Әзербайжан ұлттық валютасы - манат.
Әзербайжан ұлттық валютасы - манат.

Әзербайжанда бүгін ұлттық валютаның 1 АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы – 1,05 манат болып белгіленді. Бұдан бір күн бұрын 1 АҚШ доллары 0,78 манатқа тең еді, яғни бүгінгі манат девальвациясы 33 пайыздан асты.

Әзербайжан орталық банкі (ӘОБ) манатқа қатысты шешім «ел экономикасын диверсификациялауды ынталандыру, экономиканың халықаралық бәсекелестігін күшейту және экспорттық әлеуетін арттыру, төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында» қабылданғанын хабарлады.

Бұған дейін орталық банк жетекшісі Елман Рустамов The Financial Times басылымына сұхбатында ӘОБ ұлттық валюта бағамын долларға байлап ұстаудан бас тартып, икемді валюта бағамы саясатына ауысатыны туралы айтқан. Сонымен бірге ол валюта бағамын босаңсыту біртіндеп жүргізілетінін, ӘОБ «тұрғындар мүддесін назарда ұстайтынына» сендірген.

XS
SM
MD
LG