Accessibility links

Джо Байден: Ресей өтірікті қалқан ете алмайды


АҚШ вице-президенті Джо Байден.
АҚШ вице-президенті Джо Байден.

АҚШ вице-президенті Джо Байден Ресей сепаратистер жақында Украинаның шығысындағы әскери операцияларын тек өз күшімен ғана атқарды деген өтірікті қалқан етіп тығыла алмайды деп мәлімдеді. Байден Украина президенті Петр Порошенко және премьер-министр Арсений Яценюкпен телефон арқылы сөйлескен.

Ақ үйдің хабарламасында Дебальцево қаласына сепаратистердің шабуылын Байденнің қатаң айыптағаны айтылған. АҚШ вице-президентінің сөзінше, Украина территориясында әрекет жасап жүрген ресейлік әскерилер сепаратистер шабуылына тікелей қолдау танытып, бейбітшілік туралы келісімді дөрекі түрде аяқасты еткен.

ABC-News сайтының хабарлауынша, украиналық президентпен телефон арқылы әңгімеде Ақ үй өкілі атысты тоқтату туралы келісімнің орындалуына мониторинг жасау және қарулы жанжалға қатысушы тараптардың майдан сызығынан ауыр қару-жарақ түрлерін әкетуін қамтамасыз ету шаралары талқыланған. Байденнің сөзінше, сепаратистер халықаралық бақылаушыларды жанжал аймағына кіргізуден бас тартқан.

Украина үкіметі мен сепаратистер жетекшілері атысты тоқтату туралы келісімді бұзды деп бірін бірі кінәлап отыр.

XS
SM
MD
LG