Accessibility links

Әл-Сиси араб елдерінің ортақ әскерін құруды ұсынды


Египет президенті Әбдел Фаттах әл-Сиси теледидардан сөйлеп тұр. 15 ақпан 2015 жыл.
Египет президенті Әбдел Фаттах әл-Сиси теледидардан сөйлеп тұр. 15 ақпан 2015 жыл.

Египет президенті Абдел Фаттах әл-Сиси бірлескен араб қарулы күштерін құру қажеттігі күн сайын артып келе жатқанын мәлімдеді. Ақпанның 22-сінде теледидардан сөйлеген әл-Сиси бірлескен әскер құру аймақта ислам экстремизміне қарсы күресуге мүмкіндік тудырады деді.

"Египет егер қажет болса араб елдерімен бірлесе отырып өзін және аймақты қорғайды" деді ол.

Египет президенті Иордания мен Біріккен Араб Әмірліктері өткен аптада "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы 21 египеттік христианды өлтірген соң Египетке әскери көмек ұсынғанын айтты. "Аймақ пен елдерімізге үлкен қауіп-қатерлер төніп тұр. Біз оларға бірлесіп тойтарыс бере аламыз" деді әл-Сиси.

XS
SM
MD
LG