Accessibility links

Украина: Шабуыл тоқтамай ауыр қару әкетілмейді


Дебальцево маңынан кетіп бара жатқан украин әскері. 19 ақпан 2015 жыл.
Дебальцево маңынан кетіп бара жатқан украин әскері. 19 ақпан 2015 жыл.

Украина әскерилері ресейшіл сепаратистер атысты тоқтатпай отырғандықтан Шығыс Украинада екі арадағы әскери іс-қимылдар сызығы аймағынан ауыр қару-жарақтарын әкетпей қоя тұратынын хабарлады.

Ақпанның 12-сінде Германия, Франция, Украина және Ресей басшылары жасасқан келісім бойынша соғысушы тараптар 15 ақпанда атысты тоқтатып, одан соң ауыр қару-жарағын әскери іс-қимылдар аймағы сызығынан кемінде 70 километр артқа қарай әкете бастауы тиіс болған.

Украина әскері арнайы операция штабының жетекшісі Анатолий Стельмахтың айтуынша, сепаратистер стратегиялық Дебальцево қаласын алғаннан кейінгі күндері ұрыс азайғанын, сепаратистер өткен түні үкімет әскерін екі рет атқылағанын айтады.

Украина армиясы бас штабының өкілі Владислав Селезнев "украина әскері позицияларына әлі шабуыл жасалып жатқандықтан қару-жарақты әкету туралы әңгіме болмайтынын" айтады.

Анатолий Стельмах Украина жағы ауыр қару-жарағын "сепаратистер үкімет күштеріне шабуылын тоқтатқанда ғана" әкететінін білдірді.

XS
SM
MD
LG